14 ақпан күні Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының м.а Б Харахыз мектеп ұжымымен кезектен тыс жиын өткізді. Күн тәртібінде төмендегі дей мәселелер қаралды. Петропавл қаласындағы №4 орта мектебінде болған төтенше жағдайды басты мәселе ретінде қозғады. Пед ұжымды ҚР БҒМ нің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы және терроризмге қарсы обьектілерді қорғауды ұйымдастыру ережесімен таныстырып өтті. Мектеп ұжымына мектепте төтенше жағдай орнаған кезде міндетті түрде мектеп әкімшілігіне хабар беру керек екендігі тағы да айтылды. Сонымен қатар басқада мәселер қаралып талқыланды. Қаңтар айындағы өткен ҰБТ қорытындысына тоқталып 11 сынып оқушыларымен қосымша жұмыстар жүргізілу керек екендігі айтылды. Ертеңгі яғни 15 ақпан күні "Ауған соғысының "ардагерлері кездесуге келетінін жүргізілетін іс -шара туралы мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Б Азимхан айтып өтті. Ертеңгі сынып сағатының тақырыбы "Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылық "Бала және заң" атты сынып сағаттар өту керек екендігі тапсырылды. Жиында мектеп директорының м.а бірқатар тапсырмалар ұсынды.