Сабақтың мақсаты: Вирустық гепатиттен сақтану және олардың алдын алу жолдары.
Тәрбиелігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жұқпалы аурулар-жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі аурумен белгілі болады. (індет, жаппай аурулар) Бұл аурулар ерекше « миазма» ауаның улы
булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында әр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рол атқарады. «Jnfecio» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұқпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір уақытта ауру жаппай тароалады. (індет) Ауру туғызатын микробтар, бактериялар,вирустар, спирохетор, саңрауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар әдетте сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері–
адам немесе мал ағзасы, сондықтан адам жұқпа көзі болып табылады.
Сары ауру - Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағм өнімдері, содай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сарыауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді.Алғашқы үшаптада аурудың ешқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын
инкубациялық кезең деп аталады. Зақымдалған адамдардың асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады . Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу қажет. Дәрігер диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Жасырын кезеңде дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын түріде кездеседі, аурудың бұл түрі адамдарға қауіпті.Егер ауру адамдар дер кезінде емделсе, дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасады. Құдықты таза ұстау керек. Ауыз су құдығының қабырғасы мен түбін лайдан –қоқыстардан тазарту керек. Қоқыс үйінділер, мал
суаттары жақын болмауы керек. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асқана, кафе, азық- түлік дүкен-де санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған сумен жуу керек. Мектеп жасындағы балалар мекемелер мен мектепте балалар санының артық болмауы және тазалық сақталуын қадағалау керек. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиіс. Сапалы сумен, тамақпен қамтамасыз етілуі қажет.Ауру шыққан үйлерде, мектепте, балабақшаларда
т.б. нысандарда қорытынды дизенфекция 3% түрі бойынша ауру мен қарым қатынаста болған адамдар дәрігер қарауында болу керек, күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн сайын өздері мен бірге қайнаған су құты алып жүрулері керек.
Қорытынды: Оқушылар біздер жұқпалы аурулардан қорғануымыз керек. Өйткені олар біздерге өте қауіпті болып келеді. Азық түліктерді, жеміс жидектерді жуып жеуіміз керек. Жеке бас гигиенаны сақтауымыз керек. Салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.