Текст
9 қараша күні 9 сынып оқушыларында дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: «Волейболдағы жоғарғы подачаны жасау» болды. Сабақтың мақсаты : Оқушыларға волейбол орнында допты жоғарыдан қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бәрі сабаққа белсене қатысып, қызығушылықтарын білдірді. Балалар волейбол туралы барлық сұрақтарға жауап берді, жаттығуларды орындады. Топпен, жұппен тапсырмаларға белсене қатысты.