Текст
Бастау ауылы №2 орта мектебінде 14-ші желтоқсан күні Қазақстан жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмытылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрлерімізді, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай «Жас Ұлан» ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жүргіздік. Онда 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан » қатарына кіре отырып, өз анттарын қабылдап, ұрандарын айтып, тақпақтар оқып , «Жаса Қазақстан» «Жас Ұлан» әндерін хормен орындады.