Сабақ тақырыбы: Фигураның ауданы. Аудан өлшемдері.
Мақсаттары:
-фигураның ауданы ұғымымен , оны өлшеу,өлшем бірліктерімен таныстыру;
-ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасау,
-топта бірлесе жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Сабақ көрнекіліктері: тақырыпқа сай жасалған слайдтар, бағалауға, өздік жұмыстарға арналған қосымша материалдар
Пайдаланған технология : СТО элементтері, стратегиялары
Сабақ барысы:
І. Шаттық шеңбер:мұғалім -айтарым бар сендерге: Тез тұрыңдар шеңберге!
Балалар:-дөнгеленіп тұрайық,керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп, шаңыраққа киіліп,киіз үйді құрайық!
ІІ. Мұғалім сөзі:- Балалар, келе жатқан мерекелер туралы не айтасыңдар? Рухани жаңғыру деген не? Біздің ауылда қандай өзгерістер болып жатыр? Қандай мекемелер жеткіліксіз?Бүгінгі сабақта біз тапсырмаларды орындап, ауылға «Мәдениет Үй» мен «Аурухана» мекемелерін жобалауға тырысамыз
Ол үшін екі топқа бөлінеміз: 1 құрылыс бригадасы-1 топ
2 құрылыс бригадасы-2 топ, әр бригаданың бригадиры (топ басшысы) және мен прораб боламын
Бағалау туралы түсініктемелер
ІІІ. ФУНДАМЕНТ САЛУ
«Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша үш тілді жақсы меңгеру керек
Тапсырма: среди данных фигур найдите прямоугольники
Что вы о них знаете?
Rectanqle-прямоугольник- тіктөртбұрыш
Square–квадрат-шаршы
Балалар фигуралардың қасиеттерін атайды
ІV. ҚАБЫРҒАЛАР КӨТЕРУ
Ой қозғау стратегиясы: математикалық эстафета
-оқушылар көбейту мен бөлудің кестесін жатқа айтады
- келе жатқан жыл Ит жылы , иттің тапсырмасын орындау
V. ШАТЫР ЖАБУ
-Берілген геометриялық фигуралардың периметрін табу, ауданың табу. Ол үшін формулаларды толықтыру:
Р= (а+в)*2 S= а*в
Сергіту сәті
V. ТЕРЕЗЕ ОРНАТУ
-Ребусты шешу (халық,тіл, отан)
-мақалды жалғастыру «Туған жердей жер болмас, ......»
VІ. ЕСІК ҚОЮ Логикалық математика тапсырмаларын шешу Ойын « Не артық?»
ҚОРЫТЫНДЫ: -сендер мақсаттарына жеттіңдер!
БАҒАЛАУ:-әр бригадир өз құрылысшылары туралы айтады, бағалайды
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:- күнделікке жазу
КЕРІ БАЙЛАНЫС:- егер сабақта бәрі де қызық, түсінікті болса, жасыл жапыраққа белгі ілеміз
Сабақ аяқталды.