«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кім тапқыр?

10.11.2017

Рухани жаңғыру бағытында біздің мектепте 5 сынып арасында «Кім тапқыр?» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты:  5 сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету, оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру, сонымен қатар  болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп және жан-жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  5 сынып оқушылары сайысқа қызығушылық танытып, белсене қатысты. Сайыс 5 кезеңнен өтті. 1.Таныстыру 2.Сен білесің бе? 3.Өнерлі болсаңт 4. Ұшқыр ой 5. Жеті жұрттың тілін біл. Таныстыру кезеніңде оқушылар қабырға газеттерін шығарып, өз топтарын ән айтып таныстырды. Сонымен қатар әр топ эмблемасын жасап, топтың ұранымен таныстырды. 2. «Сен білесің бе?» кезеніңде оқушыларға  пәндер бойынша сұрақтар қойылды. Балалар  алған білімдерін көрсете білді. Ал  үшінші кезеңде оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Би билеп, домбырада күй тартты. 5 кезең -  Жеті жұрттың тілін біл. Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылып, топтар  шешуін тауып, 3 тілде айтты. Балаларға сайыс өте ұнады. Әділ қазы мүшелері топтарға әділ бағасын беріп, мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтарын берді.   

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст