Қазан айында –айрықша мәні бар, айтулы «Қарттар күні» болып өтті. «Адамгершілік пен имандылық» атты концерттік мереке Бастау ауылы №2 орта мектебінде болды. Мектебіміз бұл концерттік бағдарламаны өз міндеттеріне ала отырып, оқушылар мен ұстаздар осы мерекені үлкен жауапкершілікпен өткізді. Қарттарымызды мектебіміздің директоры Бегежанова Б.Ж құттықтады. Сонымен бірге Ауылымыздың әкімі Исманов Қайрат Темірұлыда құттықтады. Жалпы мектебіміздің оқушылар белсене, тиянақты, ұқыптылықпен, билерін билеп, ән салып , тақпақтарын оқып берді. Жиналған көрермен қонақтарымыз өте көп болды. Көрермендер қолдарын шапалақтап, көтеріңкі көңіл күймен ризашылықтарын білдіріп отырды. Концерт соңында қарт адамдарымыз ақшалай сйылыққа ие болды. Ата-әжелеріміз разы болып балаларымызға алғыстарын білдіріп, ақ тілек, ақ баталарын берді.