«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз» тақырыбы әдебиеттік оқу сабағында

23.10.2017

Міне,алтын күз да жерімізге патшалық жасап келді. Еліміз үшін бұл өте күрделі мезгіл. Ал, балалар күз туралы әңгіме жүргізіп, күзді сонша жақсы көре қоймайтынын да байқадым. Алдыма күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, сипаттай білуге үйрету, теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу, сөйлеу тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету, еңбек сүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге баулу мақсаттармен балалардың ойларын өзгерту деген мақсаттарды қойдым. Алдымен балаларды мектеп алдындағы баққа саяхатқа шақырдым. Оқушылар назарларын әсем боялған ағаштарға, бұлттанып тұрған аспанға,қарайған жерге аударып, күз- нағыз суретші екенін білді. Сабақтар үстінде топқа бөлінуде күзгі жапырақтардың түстері арқылы бөлініп, аттарын да күз мезгіліне байланыстырып «Алтын күз», «Берекелі күз», «Қара күз», тс.с. аталды. Сабақта күз туралы жұмбақ шешу, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер айтылып, күзге деген құрметтері өсе бастады.Балалар «Күз» атты альбом жасауға көңіл бөлді, оның құрамына суреттер, жасалған кітапшалар, шығарған жұмбақтар, бесжолды өлендер жатты. Келесі сабақта Ұлы Абайдың «Күз» деген өлеңін оқу кезінде оқушылар оқыған шұмақтарға  талдау жасады, сұрақтарға жауап беру үшін әр жолды суреттеп, өз ойларын жеткізуге тырысты, салыстыру кестесін жасады. Бұл өлеңмен Даян Құлан «Ұлы Абай сөзі» атты мектепішілік іс-шараға қатысып, жүлделі орынға иеленді. Келесі сабақтарда М.Дұлатов «Күз», Т.Жароқыв «Күз»,М.Әуезов  «Күзгі қыс керуені», Ә.Табылды «Дақылдар әні» деген тақырыптар өту кезінде балалар білімдерін толықтыра отырып,шығармашылық жұмыспен қуана айналысты.Мен де олардың істеріне қызығып, оларға «Жапырақтар неге сарғаяды және қызарады?» деген зерттеу жұмысына шақырдым.үйге туыстардан сұрап, биология пәні мұғалімнен, кітапханашыдан энциклопедия сүрап, қураған сары-қызыл жапырақтар жинағын, өз дәлел ойларын жеткізуге ұсыныс тастадым. Келесі сабақтарда балаалар жұмыс нәтижесін көрсете алды.Хлорофилл, крахмал деген ж аңа сөздердің мағынасын меңгере алды. Әр баланы тындай отырып, сұрамай-ақ түсіндім-балалар күзге жағымды көңілмен қарай бастады.Дәлелі көп күткізбеді: «Мен күз мезгілін  жақсы көремін, өйткені...» тақырыпты эссе жазғанда, балалар сүйсініп сезімдерін жеткізе алды. Оқушыларымның көздері жайнап, қызығушылық көргенімде ,өзімнің де жүрегім күздің  қызуын  сезгендей  жылынды.

Просмотров: 569


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст