Текст
Алтын күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әр қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында күзгі бал кешін өткіздік.Оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті. 5сынып оқушылары Қыдырали мен Қарақат пародиясын ұсынды, 6 сынып Айша мен Беркут, 7-8 сыныптар Ayumi, 9 сынып NinetyOne, 10-11 Keshyou. Сонымен қатар әр сынып флешмоб биледі. Әділ-қазылар әділ бағасын беріп әр сыныпты мадақтамамен марапаттады.