Текст
Мектебімізде тілдер онкүндігіне орай ашылуы болды. Тілдер бірлестігінің жетекшісі Хамбар С. тіл апталығында өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырдым. 1-11сынып оқушылар арасынан үш тілде тақпақ , өлең, әндерін орындады. Үш тілге қатысты мақал- мәтелдер, жұмбақтар жасырылды. Оқушылар жұмбақтың шешуін үш тілде айтып, өз білімдерін көрсетті. 5,6,9-сынып оқушылары қазақ тілінде өлең, тақпақтарды нақышына келтіре айтса, 7 сынып оқушылары орыс тілінде өлеңдерін мәнерлеп айтты. Ал бастауыш сынып оқушылары ағылшын тілінде өлең мен әнді кереметтей орындады. Мектеп оқушылары, мұғалімдер болып тіл онкүндік іс-шараларына белсене атсалысады деген ойдамын.