Ново-Александровка №2 орта мектебіндегі «Айгөлек» алаңқайының V аусымы «Оқу - білім бұлағы » тақырыбы бойынша өтті. Бұл аусым «Қош келдің, балақай!» мерекелік іс шарамен басталды. Оқушылар жаз туралы тақпақтар айтып , би біледі және күн тәртібімен, қауіпсіздік ережелерімен танысты.Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күнге ерекше аттар қойылып, соған байланысты іс- шаралар ұйымдастырылды. Тақырыптар: «Біз өнерлі баламыз» ,«Әріптер әлемі», «Дыбыстарды дұрыс орналастыр»,«Сандар әлемі»,«Логика әлемі», «Суреттер сөйлейді. «ЭКСПО-2017» Қазақстанның болашағы Қызықты грамматика», «Анаграммалар, метаграммалар т.б.», «Мен суретшімін». Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өткізілді. Балалар барлық іс –шараларға белсенді қатысып жүрді.