Текст
Маусым айының 12 жұлдызы күні сағат 20-00 де «Сәт сапар, жас түлек» атты 11 сынып оқушыларының мектеппен қоштасу кеші өтті. Кеш мектеп директоры Бегежанова Батима Жаңажолқызының құттықтау сөзімен басталды. Қонаққа Бастау селолық округінің бас маманы Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлы келіп, түлектерімізді құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Харахыз Бахытгүл құттықтау сөз кезінде екі оқушы ҰБТ тапсыратынын айтып түлектерге сәт сапар тіледі. Аттестат алғаннан кейін ата-ана комитеті Долда Әсемгүл ұстаздарға оқушыларға жоғары білім беріп, жақсы тәрбиелегендері үшін рахметін айтып, көзіне жас алды. Түлектер өз өнерлерін көрсетумен қатар, мектеппен қоштасу вальсін биледі.