Текст
Ново – Александровка №2 орта мектебінің оқушылары қарт адамдарға көмек көрсету жұмыстарын бастады. Ол үшін мектепте арнайы «Мейірімді тимуршылар» бар. Олардың
негізгі мақсаты: қарт адамдарға көмек көрсету, үлкендерді құрметтеу, ата, әжелердің ақыл- кеңестерін тыңдап, ақ тілек, ақ батасын алу. «Мейірімді тимуршылар» ауылдың имамына көмекқолдарын берді. Онда балалар мешт ауласын сыпырып, маңайындағы қоқыстарын тазартып алысқа тасыды, көп көмектерін көрсетті. Имам атамыз оқушыларға алғыстарын білдіріп, ақ тілек, ақ батасын берді. Әрдайым көмек қолын созуға дайынбыз.