«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Интернет дегеніміз не?»

26.04.2017

Сәуір айының 22 жұлдызында 5-сынып оқушыларының арасында ерекше бір сынып сағаты өтті

деуге болады. «Интернет дегеніміз не?» атты екі топқа бөлінумен оқушылармен жарыс өтті.  Оқушылар «Компьютер», «Мұрагер» атты топ құрып бір бірімен жарыса интернеттің пайдасы мен зиянды жақтарын айтумен өте белсенді  қатысты. Бір-біріне сұрақ қойып ғана қоймай біз интернеттің пайдалы жақтарын қолдаймыз деген сияқты ұрандарын алға қойды. Мен балаларға интернет ұғымы қазақстанда қашан пайда болды деп сұрақ қойғанымда оқушылар ХХ-ғасырдың аяғында пайда болды деп жауап берді.Келесі оқушының жауабын тыңдағанда таң қалдым,мұғалім бізге интернет желісі кеш келседе, жүрдек пойыздың жылдамдығымен салыстырса,енді бірі әйгілі Ер Төстіктің жыл санап емес,ай санап,күн санап  өскені сияқты тез дамығанын айтты.Енді бір оқушы мұғалім біз қазір интернет желісін өте жақсы меңгергенін айта кетті.Ия, міне нағыз жастар деп осыларды айтпаймызба, кеше ғана бастауышты бітіріп, орта буынға аттаған оқушыларымыздың  белсенділік танытып, сынып сағатының мақсатты ашқанға сынып жетекші ретінде өте қуандым.Әрине әр баланың ойы басқа болады ғой,бірақ қазақстанның болашақ жастары, патриоттықты,ұлтжандылықты ұмытпаса, әр басқан қадамдары нақты болашаққа жетелесе екен деймін. Менің бұл ойыма әр қазақстанның  азаматы мен азаматшасы құптайды деген ойдамын.

 

Просмотров: 550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст