01.04.17ж. Көкшетау қаласының мұғалімдердің біліктігін арттыру институты Өрлеуде «Жаңартылған бағдарламаның басымдылығы сыни ойлауда» атты СТО технологиясының ХІҮ конференциясы болып өтті. Қазіргі заман талабына сай өскелең ұрпақтың жан-жақты жеке тұлға болып қалыптастырып, алған білімін өз өміріне кәдесіне жарата алатын тұлға қалыптасуына тиімді технологияны әрбір ұстаз өз тәжірибесінде пайдалану керек деп ойлаймын. Сондай тиімді технологияның бірі- СТО технологиясы деп білемін. Конференцияға Ақмола облысының барлық аудандары мен Көкшетау қалалық мектептердің СТО технологиясының мүшесі болып, осы технологияны өз тәжірибесінде пайдаланып, жетістікке жетіп жүрген 130-дай ұстаз қатысты. Бұл конференция- семинарда пікіралмасу, дөңгелек үстелдер, баяндамалар,шебер сыныптар, пікір-таластар сияқты тәжірибе алмасулар өте жоғары деңгейде өтілді. Өрлеу институтының директоры Е. Исимбаев пен СТО технолгиясының жетекшілері ұстаздарды диплом мен сертификаттармен марапаттады. Ізденген жетер мұратқа дегендей ұстаздық жолда қажымай еңбек етіп,елімізді дамытатын өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындата берейік!