6 сынып оқушысы Мукушева Нурайдың мінезі ашық, жүрегі кең - пейілді оқушы. Нурай мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс - шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Нурайдың сүйікті пәні – ағылшын тілі. Ағылшын тілі пәніне белсенді қатысады. Ағылшын тілі пәнінде диалог құрып, шығарма жазғанды ұнатады. 2016 жылы қазан айында Астана қаласында өткен ағылшын тілі пәнінен шығарма сайысына қатысты. Сайыста “My best friend” атты шығармасы 2 дәрежелі дипломға ие болды. Болашақта Нұрай үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін.