Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе- бет келген кезде жүзеге асады. Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай таңдап , тәжірибеде сынып қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік , рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін –өзі
дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Биыл 2 сынып оқушылары белсенділігін білдіріп, «ПОНИ» Республикалық интеллектуалдық ойынға қатысты. Қуанышқа орай, оқушыларымыздың еңбектері бос қалмай, Ерлік Нұресім,Нұрболат
Мақпал, Сәулетханұлы Ерсұлтан осы іс-шараны ұйымдастырған әкімшіліктен мадақтау қағаздарына иеленді.Ал, сонымен қатар Экология,Инженерия және Педагогика ғалымдарының Халықаралық Академиясы жүргізген олимпиадасына қатысқан шәкірттерім Тойшубеков Азамат, Салимжанова Саида, Ерлік Нұресім тапсырмаларын жақсы орындап І дәрежелі дипломдарына ие бола алды. Мен балаларға сәттілік пен шығармашылық тілеп, өз шәкірттеріме мақтан тұтамын.