Бастау ауылы № 2 орта мектебінде 1 -7 сыныпқа дейін «Менің мектепке барар жолым» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Жолда жүру ережесін білу- әрбір баланың басты міндеті. Ол өзінің өмірін сақтандыратынын білуге тиіс. Біз ауылдық жерде тұратын болғандықтан , жолды реттеп тұратын бағдаршамдар, көше қозғалысын реттейтін МАЙ қызыметкерлері жоқ. Дегенмен , көше қозғалысының жол ережесін білуге тиіспіз. Себебі , бізде жыл сайын көбейіп келе жатқан автомобильдер, мотоциклдер , жеңіл машиналар өте көп. Сондықтан ережелерді білуге тиіспіз. Біз бұл ережелерді есте мұқият сақтай білсек, мектепке қатынау, мектептен үйге қатынау-бізге қауіп төндірмейді. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б.