Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған оқушыларымен және ата-аналармен психологиялық жұмыстар жүргізілді. 2020 жылы 9-шы қазан айында «Дүниежүзілік психикалық денсаулық» күніне арналған 8-сынып оқушыларына «Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік» атты дәрісті өткіздім. Дәрістің мақсаты: Оқушыларға психикалық денсаулық туралы кеңестер беру. 8-10 сынып ата-аналарымен қашықтықтан zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді. «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» атты тақырыпта өтілді. Жақсы психикалық денсаулық барлығы үшін маңызды. Сіздің және балаңыздың өмірі үшін психикалық денсаулықтың маңызы физикалық денсаулықтың маңызымен бірдей екендігі туралы ақпаратты презинтация арқылы берілді.
Педагог-психолог Мусайф Ж.