15.10.2020 жылы
Қатысқандар 32
КҮН ТӘРТІБІ
1. Санитарлық талаптардың жүргізілуі туралы ата-аналарды таныстыру
/Мектеп медбикесі Шопанова С.Б./
2. «Жемқорлыққа қарсы күрес» Баяндама.
/Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б./
3. 2020 жылы қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы мектепке бөлінген қаржы туралы ақпарат.
/Мектеп директорының м.а. Тойшубекова Б.А./
4. «Бала құқығы» /Баяндама/
/Әлеуметтік педагог Хамбар С./
5. «Бала құқығын қорғау» /Сауалнама/
/Педагог-психолог Мусайф Ж./
1 сұрақ бойынша Мектеп медбикесі Шопанова С.Б. Санитарлық талаптардың жүргізілуі туралы ата-аналарды мәліметтер мен таныстырды. Қазіргі таңда Короновирус COVID- 19 болып жатқандықтан, әрдайым сақтанып тазалықта, масканы ауызан тастамай әр 3 сағат сайын ауыстырып отыру керектігі туралы айтылды. Қазіргі таңда пандемия ауруына байланысты мектепте бірінші қыркүйектен бастап тамақтанбайтынын еске түсіре ата – аналарға, балаларды таңғы асты ішу (әртүрлі ботқа пісір немесе нанға май жағып шай ішу ) денсаулыққа пайдалы екенін және жеке гигиенаны сақтап жүру туралы, т.б. да көптеген ескертулер айтылды.
Шешімі:
Азаматтарды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі өте зор. Сондықтан да ата –аналар балаларын қадағалап қарап, көңілдерін бөлсін.
2 сұрақ бойынша мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Бақытгүл «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама оқыды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәліметті қалыптастыруды бірнеше кезеңге бөлуге болады сонымен қоса жеке тұлғаның құрылуының барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасылық рөлі маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақтың рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу – отбасының негізгі жауапкершілігі болып табылады. Мектеп директорының м.а Б.А.Тойшубекова жылы ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы № 56 бұйрықпен ата-аналарды таныстырды.
Шешімі:
Отбасындағы қарым-қатынас неғұрлым жоғары және таза болса, соғұрлым ол бала тәрбиесіне әсер етеді. Балалардың тәрбиесі тікелей ата-анасына байланысты. Ақшалай қаражат ата-аналардан және педагогтардан жиналмайды
3 сұрақ бойынша Мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бақытжамал Ануарбекқызы 2020 жылы қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы мектепке бөлінген қаржы туралы ақпаратпен ата-аналарды таныстырып өтті. Жалпы мектептегі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражат туралы слайд бойынша электрқуатына, су, жылыту, байланыс, спорт алаңын жөндеу т.б. анық әрі нақтылап фотосуреттер арқылы көрсетіп, таныстырып, көптеген жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражат туралы да ашып айтты.
Шешімі:
Мектеп директорының м.а. Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызы ата-аналарға мектепте 2020 жылы қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы мектепке бөлінген қаржы, жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражаттар туралы жыл сайын мәлімет беру.
4 сұрақ бойынша Әлеуметтік педагог Хамбар Сайрагүл «Бала құқығы» тақырыбы жайында баяндама оқыды. Ата-аналарға баланың құқығы туралы танымдарын кеңейте отырып білім беру заңдарын үйренуге, бала құқығы бұзылған жағдайда тығырықтан шығу жолдарын көрсетіп, тәрбиелей отырып құқығын қорғауға мүдделі екендігін көрсету және отбасы мен мектеп ынтымақтастығын сақтай отырып әр баланың құқығын жүзеге асыра қорғау қажет екендігі жайлы айтып түсіндірді.
Мектеп педагог-психолог Мусайф Жанар «Бала құқығын қорғау» туралы ата-аналарға сауалнама берді.
Шешімі:
Азаматтарды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі өте зор. Соған орай әр ата –ана көңілі өз балаларына көбірек бөлінсін.
Ата – аналар төрайымы Жамбурина Н.К.