Күзгі демалыста балалардың уақыттарын тиімді және пайдалы өткізу үшін әр түрлі онлайн іс - шаралар өткізіліп жатыр, қарашаның 11 –де төртінші сынып оқушыларымен «Бізді қоршаған орта» тақырыбы бойынша саяхат жасадық. Бұл саяхатта бірнеше аялдамадан өтіп көптеген қызықты деректер пайда болды. Іс – шараның барысында «Тіршілік атаулының бар арманы –ауа», «Тіршілік көзі –су», «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деген аялдамалардан өттік. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Оқушыларды жас кезіңнен табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру деген мақсаттар жүзеге асырылды. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Бізді қоршаған әлем өте таза, әсем болу үшін не істеу керек ? Балалар өз жауаптарын іспен дәлелдеді, яғни гүлдерге күтім жасап , бөлменің ауасын тазарту үшін құмыраларға гүлдерді отырғызып, үйдің ауласын қоқыстардан, пластик заттардан жинастырды. Балалар осындай экология тазалығына үлес қосқанына үлкен қуанышты сезімде болды. Осымен бастаған жұмыстарымызды аяқтамай экологияны тазарту мақсатымен әрі де қарай да жалғастырамыз.
«...Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар»- деп ақындар жырлағандай табиғат пен адам егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті.
Бастауыш сынып мұғалімі: Коспаева А.Ж.