Өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу қашанда толастамаған. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді.Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қала-ауылына деген сүйіспеншіліктен басталады. Бірінші сыныпта «Бір ел- бір тағдыр» тақырыпты сынып сағаты жүргізілді. Оқушылар жастарына сай «Отан» деген сөздің мағынасын ашуға ,өз ойларын жеткізуге асықты. Балалардың бақытты елде бақытты балалықшақ өмір сүріп жатқанын, отбасында көңілді қарым-қатынаста болғандарын көз жайнасына қарап таныдық. Бұл керемет! Оқушылар өз Отаны-Қазақстан Республика деп аталатыны, оның рәміздерін атап шықты. Кішкентай қолдарына көк жалақша ұстап, Әнұранды орындады. ҚР қалалары, астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы атақты ғимараттары туралы әңгіме жүргізді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, Президентіміз Қ-Ж. Тоқаев екенін де біледі екен! Мұғалім ұйымдастырған «Дұрыс-бұрыс» ойын арқылы табиғат туралы білімдерін жеткізе алды.Өз ауылына, Отанына сүйіспеншілікті жақсы оқу мен тәрбиемен, спорт жарыстарында дәлелдей алатындарына келісті. Еліміздің туын биік ұстайтын азаматтар болатынына сенемін!
Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.